Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Талдықорған: Медресе құрылысымен танысты

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 06.10.2021 2196 0 пікір
Талдықорған: Медресе құрылысымен танысты

Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы өкілдікке қарасты Кербұлақ ауданының орталығында мешіт жанынан салынғалы жатқан медресе құрылысының дайындық барысымен танысты.

Бой көтерейін деп жатқан төрт қабатты ғимарат 1200 шаршы метрді құрайды. 50 балаға арналған медреседе асханасы мен спортзалы да қарастырылған. Мұнда шәкірттер шариғат ілімдерімен қатар Құран жаттап, ағылшын және араб тілдерін меңгереді. Сондай-ақ, компьютер үйреніп, қазақтың би-шешендері мен жырауларының еңбектерін оқып, жаттайды.

«Ислам ғылымды үйреткен ұстазды да, оны үйренген шәкіртті де құрметтеп сыйлайды. Білім алу барлығымызға – парыз. Ендеше елімізде осындай игі құрылыстар көп болып, ілім жолында ізденіске түскен жастарымыздың саны көп болсын дейміз. Алла Тағала білімділердің санын көбейтсін, білім себебіменен елімізге тыншытық, тоқшылық, береке берсін! Ұрпақтарымыздан білімді, салихалы азиз перзенттер нәсіп етсін!» деді бас имам.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру