Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҚО: Бас имам Нұр-Мүбәрак студенттерімен кездесті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 04.10.2021 2139 0 пікір
БҚО: Бас имам Нұр-Мүбәрак студенттерімен кездесті

Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Құралбайұлы Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінде оқитын студенттермен кездесті.

Кездесу еркін, әңгімелесу түрінде өтті. Сондай ақ студенттерге оқу бітірген соң діни қызметке Батыс өңіріне келіңіздер деген ұсыныс айтылып, білім алудың ең тиімді жолдары жайлы да сөз қозғалды.

Кездесуден кейін Бас имам Ақжайық өңірінің студенттеріне арнайы дастархан жайып, әрқайсысының жағдайы, оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдап, оларға ҚМДБ БҚО өкілдігі тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қолдаулар, алдағы аманат-міндеттер туралы айтты.

Осылайша оралдық студенттердің басын біріктіріп, ел ішіндегі ахуалмен бөліскен бас имам әлеуметтік қолдау жөнінде жоспарын және қолдау білдіретінін жеткізді.

Содан кейін Орал медресе-колледжінің директоры Бақытжан Құралбайұлы Әбу-Ханифа медресе-колледжінің ұжымымен жүздесіп, істеліп жатқан жұмыс барысымен танысып, ортақ ойларымен бөлісті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру