Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Бас имам актер Медет Қуандықұлымен жүздесті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 30.09.2021 1955 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам актер Медет Қуандықұлымен жүздесті

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драмалық театрының көркемдік жетекшісі, белгілі актер Медет Қуандықұлымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Әнуар Ізімбайұлы мен Медет Қуандықұлы сүбелі сұхбат өткізіп, алдағы уақытта болатын рухани іс-шаралар аясында бірлесіп жұмыс істеу жоспарын талқылады. Бас имам мүбәрак Мәуліт айының жақындауына орай рухани кештерді ұйымдастырып, тағылымдық һәм тәрбиелік бағыттағы ғибратты қойылымдар мен сахналық көріністер қоюдың маңыздылығын айтып өтті. Кездесу соңында бас имам театрдың көркемдік жетекшісіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

Айта кетейік, Медғат Өміралиев 2003 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында 30-дан аса рөлді сомдады. Атап айтқанда, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» трагедиясында – Жантық, «Қыз Жібек» трагедиясында – Базарбай, Ә.Оразымбетовтың «Бір түп алма ағашы» драмасында – Ерғали, А.Володиннің «Қос жебе» драмасында – ру басының, С.Назарбекұлы мен Н.Мұхановтың «Ант» фантосмагориялық драмасында – Қожаназар, Г.Хугайдың «Серттесу» («Қара шекпен») драмасында – Тұзар, Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» драмасында – Абылай, Н.Птушкинаның «Күтпеген махаббат» комедиялық мелодрамасында – Игордың бөлін сомдады.

Одан бөлек Алаш қайраткерлерінің тағдырын арқау еткен «Тар заман» телехикаясында және Нартай Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» атты пьесасында Әлихан Бөкейханұлының рөлін сомдап, көрерменінің жүрегінен орын алды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру