Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы имамдары білім сайысына қатысты

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 29.09.2021 1983 0 пікір
Алматы имамдары білім сайысына қатысты

ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «ҚМДБ концептуалды құжаты» және Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқудан білім сайысы Алатау, Наурызбай аудандарында жалғасын тапты.

Дін қызметкерлері арасындағы өзара бақ сынасқан сайыс жоғары деңгейде өтті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен концептуалды құжаттары мен Құран Кәрімді жатқа оқу негізінде өткізіліп отырған бұл сайыстың мақсаты – халыққа қызмет жолында дін қызметкерлері, имам-ұстаздардың біліктігін арттырып, насихат жұмысын жандандыру» дейді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.

Екі аудан бойынша 69 дін қызметкерлері қатысқан сайыстың үш кезеңінен де мүдірмей өтіп үздік деп танылған «Абу-Бакр» мешітінің ұстазы Меңліұлы Аман І орын алып  100 мың теңге көлеміндегі сыйлыққа иелік етті. Сонымен қатар әуенді дауысымен жүректі елжіреткен «Ер Жәнібек» мешітінің бас имамы Әбілахан Ірсәлі ІІ орын алып 70 мың теңгелік жүлде алды. Зияткерлік сипатын бойына сіңірген «Заря Восток» мешітінің ұстазы ІІІ орынды иеленіп 50 мың теңгені қоржынына салды. Сондай-ақ 9 имамға ынталандыру сыйлықтары (10 мың теңгеден) табысталды.

«Бұл сайыс білімімізді шыңдап, бір ай бойы Құран Кәрімді қайталауға септігін тигізді. Тыңғылықты дайындық нәтижесінде бас жүлдеге ие болдым. Осындай іс-шаралар жалғасын таба берсін деп тілеймін» дейді бас жүлдегер «Абу-Бакр» мешітінің ұстазы Аман Меңліұлы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру