Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

БҚО: Бір күнде 7 іс-шараға қатысты

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 24.09.2021 2435 0 пікір
БҚО: Бір күнде 7 іс-шараға қатысты

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Құралбайұлы жұмыс сапарымен Жалпақталға келіп, бір күнде жеті іс-шараға қатысты.

Алдымен бас имам жұмада мешіт жамағатына «адамзаттың түрлі ұлт пен ұлыс болып жаратылу хикметтері» тақырыбында уағыз айтты.

Ресми сапар барысында Бақытжан Құралбайұлы Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Әлия Нәсіпқалиқызының қабылдауында болып, жергілікті жердегі діни ахуалдың жай-күйімен танысты.

Жергілікті ауыл әкімімен, қоғамдық бірлестік төрағаларымен, ардагер ағалармен, мектеп оқушыларымен, жастармен, колледж студенттерімен, зиялы қауым өкілдерімен және аймақтағы тұрғылықты халықпен жүздесіп, қозғалған тақырып аясында кең ауқымды әнгіме өрбітті.

Кездесу барысында халықтың ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, студенттердің сұрақтарына тұшымды жауап берді.

Жұмыс соңында бас имам Жалпақталдағы қарттар үйінде болып, қараусыз, панасыз қалған қариялар мен әз жастағы кейуаналардың жағдайымен танысты. Қариялар өздері паналаған шаңыраққа келген дін қызметкеріне ризашылықтарын білдіріп, баталы алғыстарын берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру