Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қостанай: Аспаздар байқауы өтті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 04.03.2021 2846 0 пікір
Қостанай: Аспаздар байқауы өтті

Қостанай облыстық мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Отбасы берекесі» атты аспаздар байқауы өтті.

Байқауға бірнеше қыз-келіншектер қатысып, бақ сынады. Олар аспаздық қабілеті, салт-дәстүрден мағлұматы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін білуі бойынша сынға түсті. Үш кезеңнен тұрған байқауда қатысушылар үлкен дайындықпен келгенін байқатты.

Әділ-қазылар шешімі бойынша жүлделі үш орынға ие болған қыз-келіншектерге бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру