Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Түркістан: 238-баспана берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 18.06.2020 2658 0 пікір
Түркістан: 238-баспана берілді

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында 238-баспана Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Ақтас ауылының тұрғынына бұйырды.

Баспаналы болған жан – Нәби Катеков төрт баланың әкесі, ауыл молдасы. Ол 20 жылдан бері пәтер жалдап жүргенін аудан имамына айтқан екен.

Оның күтпеген жерден баспаналы болуына Ұлықбек Алиакбарұлының септігі тиді. Шымкенттік бір кәсіпкердің зекет төлемі осы іске жұмсалды. Ауыл молдасына тұрғын үйдің кілті табысталды. Аудан имамы, аудан әкімінің орынбасары, ауыл имамдары тарту-таралғы сыйлады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру