Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қызылорда: Бар жақсылық – балаларға

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 02.06.2020 2528 0 пікір
Қызылорда: Бар жақсылық – балаларға

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Абуов бастаған мешіт имамдары қызылордалық бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Болатбек Ұласқанұлы «Қамқорлық» дағдарыс орталығына арнайы барып, орталықтағы әлеуметтік қызмет алушы балалардың жағдайымен танысып, мерекелік лебізін жеткізді.

Қалалық «Айтбай» мешітінің ұйымдастыруымен өткен игі шарада балаларға бассейн және ойыншықтар беріліп, балмұздақтар таратылды.

Ал қалалық «Құддыс ишан» мешіті 1 пара жаттаған жас шәкірттерге велосипед сыйласа, «Сұлтан» мешітінің қызметкерлері облыстық кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне ойыншықтар мен тәттілер салынған қоржындар таратып, қуанышқа бөледі.

Сонымен қатар, «Зекет» қорының облыстағы өкілдігі Талсуат елдімекенінде орналасқан облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына 300 келі картоп апарып, қамқорлық жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру