Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ: МЕШІТ – АЛЛАНЫҢ БЕРЕКЕСІ ЖАУҒАН МЕКЕН

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 29.11.2019 3482 0 пікір
ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ: МЕШІТ – АЛЛАНЫҢ БЕРЕКЕСІ ЖАУҒАН МЕКЕН

Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш қаласында Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті. Игі шараға қатысқан Өзбекстан мүфтиі Осмонхан Әлімов Қазақстан мұсылмандарын қуанышымен құттықтады.

«Расында, жер бетіндегі ең қайырлы ғимарат – мешіт. Мешіт – Алланың берекесі жауған мекен. Сіздерді Ислам орталығының ашылуымен құттықтаймын. Біз, өзбек халқы, көрші әрі бауырлас қазақ ұлтының қуанышына ортақпыз. Бұл жерден елдің игілігі мен діннің дамуына қызмет ететін ғалымдар мен азаматтар білім алып шығады деген сенімдемін» деді Өзбекстан мүфтиі.

Айта кетейік, Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығында бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алады. Мешіт ішінде медресе-колледж шәкірттеріне арналған 29 сынып бар. Орталықта 600 бала дәріс тыңдай алады. 69 жатын орынды қамтыған орталықта 1000 адамға арналған асхана салынған.

Ислам орталығының ашылу рәсіміне жер-жерден 10 мыңға жуық адам жиналды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру