Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

13 July 2025

18 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішев

Қуаныш Тоқсанбайұлы    Әбішев

1990 жылдың 29 шілдесінде Қызылода облысы, Сырдария ауданы, Асқар ауылында дүниеге келген.

Білімі:        

1996-2007 ж. Асқар ауылындағы № 135-ші орта мектепті орташа үлгеріммен тамамдадаған.

2007-2011 ж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавриатын аяқтап, 2011-2013 жж. осы университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

2009-2012 ж. университет оқуымен қатар Алматы қаласы, Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешітіне қарасты қарилық медресені бітіріп, қасиетті Құранды толық жаттап шыққан.

Еңбек жолы:         

2013-2017 ж.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Бас мүфтидің бұйрығымен, Алматы қаласы Әуезов аудандық «Ақсай» мешітіне ұстаздық қызметін атқарған.

2017-2018 ж. Алматы қаласы, Алмалы аудандық «Төле би» мешітінде ұстаз болып қызметін жалғастырған.

2018-2020 ж. Алматы қаласы Әуезов аудандық «Ақсай» мешітінде наиб имам қызметін атқарды. 

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы Орталық мешітінің ұстазы қызметін атқаруда.

Үйленген, 1 ұл, үш қызы бар.