Алтыбай Мақсат Қуанышұлы
Бұрынғы Семей обылысы Абай ауданы Би ата ауылында 1975 жылы 14 желтоқсан күні дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
1992 жылы Түркия мемлекеті Бурса қаласындағы имам хатиб лицейнде 1994 жылға дейін діни білім алды.
1995 – 1996 жылдары Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсында оқыды.
1996 – 1998 жылдары Абай ауданы Құнанбай қажы мешітінде азаншы болып қызмет атқарды.
1998 – 2000 жылдары Алматы қаласындағы 2 жылдық Ислам институтында білімін жалғастырды.
2000 – 2004 жыл аралығында Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешітінде найб имам қызмет атқарды.
2004 – 2007 жыл аралығында Алматы қаласындағы Нұр – Мүбарак Ислам мәдениет университетінің Исламтану мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолы:
2007 – 2013 жыл 25 ші ақпанына дейін Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде Найб имам болып қызмет атқарды.
2013 жылдың 25- ші ақпанынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен ҚМДБ- ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы және Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің бас имамы болып тағайындалды.
Үйленген 3 баланың әкесі.