Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ


ОСПАН Төлеби Дәділұлы

1981 жылдың 16 тамызында дүниге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1997-1999 жылдары Шымкент қаласындағы «Дарул Арқам» құран курсында Құран жаттаған.

2000-2002 жылдары Алматы қаласындағы Ислам Институтына қарасты Қарилық бөлімінде білім алған.

2000-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ашық университеті «Филология» факультетінің «Қазақ тілі және Әдебиеті» мамандығын бітірген.

2009 жылы Түркия Республикасының Болу қаласында 2 айлық имамдардың білімін жетілдіру курсынан өтті.

2012 жылдың наурыз-қыркүйек айларының арасында Түркияның Ыстамбұл қаласында діни біліктігін арттырған.

2011-2013 жылдары «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» факультетін тәмамдаған.

2016-2018 жылдары «Шет тілдер және іскерлік карьера» университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі атағын алған.

Еңбек жолы:

Дін саласындағы қызметін 2002 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылының Бас имамдығынан бастаған.

2003-2005 жылдары ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти көмекшісі болған.

2005-2006 жылдары Астана қаласындағы «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

2006-2016 жылдары аралығында Бас шаһардағы имандылық үйі – «Нұр Астана» орталық мешітінің бірінші наиб имамы қызметін абыроймен атқарған.

2016 жылдың 6-мамырынан бастап, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Жобалары мен еңбектері:

2007-2014 жылдары аралығында Астана қаласында өткен Мәуліт мерекесінің сценариі мен сахналық көріністерінің авторы. Сондай-ақ, «Әдемі әуезді азаншы» республикалық азаншылар жарысы мен «Жолың болсын, жас түлек!» жобасының авторы.

Т.Оспанның қаламынан 2009 жылы «Насихат айттым, Жамағат!...», «Азан жайлы не білеміз?» және 2017 жылы «Пайғамбар үйреткен намаз» атты еңбектер туындаған.

Біліктілікті арттыру курстары:

2005 жылы Татарстан Республикасы, Қазан қаласының 100 жылдығына орай өткен халықаралық Құран жарысына қатысып, арнайы дипломмен марапатталған.

2012 жылы 21-23 мамыр аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбындағы мемлекеттік органдардың діни саладағы қызметкерлері мен діни бірлестік өкілдерінің біліктілігін арттыруға арналған 3 күндік курсқа қатысқан.

2015 жылы 17-19 ақпан аралығында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім табысты дамудың негізі ретінде» атты 42 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру республикалық семинар-тренингіне қатысты.

2017 жылы 20-24 қараша аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министірлігі, «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау» орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі қырлары» атты мемлекеттік қызметкерлер мен дінтану және исламтану мамандығының оқытушыларына арналған 40 сағаттық оқыту семинарына қатысқан.

Марапаттары:   

2010 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары V құрылтайының ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқаны үшін, 2011, 2015 жылдары Астана қаласындағы діни іс-шаралар мен үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласқаны үшін Бас мүфти алғыс хатымен марапатталған.

2011 жылы Астана қаласы, Есіл ауданының 3 жылдық мерей тойына орай, аудан әкімі Қ.Жаңабергеновтың «Құрмет мадақтамасымен» марапатталған.

2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамытуға және қоғамдағы дінаралық татулықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚР ДІАҚМ, Дін Істері комитетінің алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы Астана қаласында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумының ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқаны үшін Бас мүфти алғыс хатымен марапатталған.

2018 жылы Ақтөбе облысында терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес бағытында озық тәжірбиесі мен табандылығын танытып және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы белсенді қызметі үшін Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Қосымша мәліметтер:

ҚР Журналистер одағының мүшесі. Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы жанынан құрылған Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі. 2006 жылы Алла тағала сәтін салып, үлкен қажылық парызын өтеп келген.

Отбасылы, 3 қыз, 1 ұлы бар.