Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Отбасы бақытына апаратын отыз жол: 15 - Тынығу және серуендеу

26.04.2016 4437 0 пікір

Ислам - адам баласына тыным бермейтін және қиындық туғызатын дін емес. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «...Құранды саған қиыншылық көруің үшін түсірмедік!» («Таһә» сүресі, 2-аят).

Адамның жан дүниесі, кейде түздің тірлігінен де, үйдің тірлігінен де біраз тынығуды қажет етеді. Бұл тынығу ерлі-зайыптылардың табиғатқа шығып серуендеуі арқылы немесе оңаша отыруға қолайлы асханаға барып отырулары арқылы жүзеге асады. Тіпті үйдің ішінде бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтерулерінің өзі қайда жатыр?!.

Айша анамыз (р.анһа.) былай дейді: Бірде Алланың елшісімен () бірге сапарға шыққан едім, денеме салмақ бітпеген, енді ғана бойжеткен кезім болатын. Ол адамдарға: «Ілгері қарай жүре беріңдер!», - деп, олар ілгері жүріп кетті. Кейін маған: «Кел, жарысайық», - деді. Екеуміз жүгіріп жарыстық та мен одан () озып кеттім. Ол үндемеді. Кейін бойыма ет бітіп салмақ қосқанымда онымен () бірге тағы бір сапарға шыққан едім. Ол адамдарға: «Ілгері қарай жүре беріңдер!», - деді, олар ілгері жүріп кетті. Кейін маған: «Кел, жарысайық», - деді. Мен бұрынғы болғанды ұмытып кетіппін. Бұл кезде біраз салмақ қосқандықтан: «Әй, Алланың елшісі (), мына күйімде сенімен қалай жарысамын», - дедім. Ол: «Айтқанымды орында!», - деді. Екеуміз жүгіріп жарыстық та ол () менен озып кетті. Сосын күліп, маған былай деді: «Бұл - өткен кездегі үшін»[1].

Теледидарда иманын арттыруына, білімін жан-жақты көтеруіне және тәжірибе жинауына көмек беретін пайдалы бағдарламаларды көріп тынығуына болады. Айша анамыз (р.анһа.) былай дейді: Алланың елшісі () мені шапанымен бүркеп тұрып, мен мешіт ішінде эфиопиялық мұсылмандардың әскери ойындарын көретінмін, ол мені емес, мен оны жалықтыратынмын. Олай болса, көңіл көтеруді қатты қалап тұрған бойжеткен қыздың лайықты сыбағасын беріңдер»[2].

Айша анамыз (р.анһа.) былай дейді: Алланың елшісі () сапарға шығар кезде әйелдерінің арасына жеребе тастайтын, қайсы әйелінің есімі шықса, соны қасына алатын.

Үмму Атия (р.анһа.) былай деді: «Айт мейрамдарында жақсылыққа куә болып, көңіл көтерулері үшін, бой жеткендер мен етеккір кезіндегі әйелдерді үйлерінен шығаруымыз бұйырылатын»[3].

Бірде Айша анамыз (р.анһа.) исламнан бұрын еркектердің өз әйелдеріне қандай қарым-қатынаста болғанын сөйлейтін нақты әңгімелерді пайғамбарымызға () айтып берген екен. Сөйтіп, әңгімелерде айтылған кейіпкерлердің ішінде әйеліне ең жақсы қарағаны  Әбу Зарғ деген кісі болып шығады. Сонда пайғамбарымыз () Айша (р.анһа.) анамызға: «Әбу Зарғ Үмму Зарға қалай қараса, мен де саған солай қарадым ғой, ә?» - дейді[5].

Зайд ибн Асламның (р.а.) айтуынша Үмму Айман есімді эфиопиялық бір әйел Алланың елшісіне () келіп: «Сізді менің күйеуім шақырады», - дейді, пайғамбарымыз () оған: «Оның көздерінде ағы бар кісі ме?», - деп сұрайды. Әйел: «Оның көздерінде ағы жоқ», - деп жауап береді. Пайғамбарымыз (): «Оның көздерінде ағы болу керек», - дейді, әйел: «Аллаға серт, ондайы жоқ», - дейді. Сонда пайғамбарымыз (): «Көзінің ағы болмайтын ешбір адам жоқ», - дейді.

Айша анамыз (р.анһа.) былай деді: «Мен еттекір күйде болғанымда пайғамбардың () ыдысымен сусын ішетінмін. Менің аузым тиген жерге аузын қойып, сол ыдыстан ол () да ішетін»[6].

Алланың елшісі () әйелдерімен де, қыздарымен де, сахабаларымен де кейде осылай көңіл көтеріп, өзінің де жан дүниесін, өзгелердің жан дүниесін тынықтыратын еді. Ер адамның мұндай қасиетке ие болуы оның айбындылығын кемітпейді. Кеміткен болса, Алланың елшісі () оны ешқашан істемеген болар еді. Алайда, оны істеді және оның жүріс-тұрысы мен қарым-қатынасы, әзілі мен көңіл көтеруі біз үшін кәміл өнеге болып саналады. Әрине, әр нәрсе өзінің шегінен аспауымен іс сүйкімді болады. Сол себептен көңіл көтерем деп міндеттер атқарылмай қалып жатқан болса, парыздар қаза болып жатса, пайда емес, зиян шеккен болады. Сол себепті тағамға дәм беру үшін, тұз қаншалықты көлемде қажет болса, тіршілікте де көңіл көтерудің, тынығудың соншалықты көлемде араласуы қадағаланса дұрыс болады.

Пайғамбарымыз () айтады: «Алланы еске алудан басқа нәрсенің барлығы ермек пен ойынға жатады. Тек мына төртеуі олардың ішіне кірмейді: ер адам әйелімен көңіл көтерсе, біреу тұлпарына күтім берсе, біреу атыс орны мен нысананың арасында жүрсе (яғни садақ атуы), біреу біреуге суда жүзуді үйретсе»[7]

Дайындаған: Берік Үйсінбаев
muftyat.kz


[1] Ахмад жеткізді
[2] Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
[3] Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
[4] Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
[5] Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
[6] Мүслім жеткізді
[7] Ан-Насаи жеткізді

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру