
Маңғыстауда XII республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін байқау жұмыс тобының жиналысы өтті.
Қыркүйек айына дейін XII республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін байқау үміткерлері арасында іріктеу сайысы барлық облыста өткен болатын. Кеңесіп пішкен тонның келте болмайтынын ескерсек, бұл жиналыстың айтары мол. ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Мансұров Батыржан Берденұлы мен Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, сондай-ақ облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлының қатысуымен өткен жиналыста Құран байқауының өту тәртібі айтылып, жұмыс жоспары құрылды. Жауапты дін қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетсек, XII республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан байқау биыл Ақтау қаласында өткелі отыр. Атаулы шара қыркүйек айының 30-ы мен 1 қазан күндеріне жоспарланып отыр. Жарыста 100-ге жуық қарилар өзара сайысып, елімізге танымал қари-ұстаздар қазылық етеді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру