Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ: АЛМАТЫДА 1250 БАЛАҒА СӨМКЕ ТАРАТЫЛДЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 21.08.2023 1212 0 пікір
МЕКТЕПКЕ ЖОЛ: АЛМАТЫДА 1250 БАЛАҒА СӨМКЕ ТАРАТЫЛДЫ

ҚМДБ Алматы қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жаңа оқу жылына – жаңа жабдықтар» деген атаумен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Қайырымдылық шарасына Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. 

Айта кетсек, бүгін бір мезетте Орталық мешіттен бастап қала бойынша барлық аудандық мешіттерде ҚМДБ бастамасымен дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы бойынша жаңа оқу жабдықтары салынған сөмкелер табысталды. Орталық мешітте 500 балаға көмек көрсетілсе, тұрмысы төмен көмекке мұқтаж отбасыларынан 750 балаға аудандардық мешіттерде имамдар оқу жабдықтарымен сөмке үлестірілді. 

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  Алматы қаласы бойынша өкілдігі мұрындық болған қайырымдылық шарасына жомарт жандар демеушілік көрсетті. Жақсылықта жарысқан азаматтарға Алла разы болғай! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру