Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНА АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 07.06.2023 2479 0 пікір
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНА АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ

«Үшқоңыр» медресе-колледжінде Алматы облысы дін қызметкерлерінің республикалық аттестаттау басталды.

Шараны жоғары деңгейде өткізу үшін құрылған аттестаттау комиссиясының құрамында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі бар.

Аттестацияның алғашқы кезеңі тестілеу жүйесі бойынша өтіп жатыр. Сынақ барысында дін қызметкерлеріне ақида, фиқһ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылуда.

Екінші кезеңде имамдар мен ұстаздар ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ тапсыруда. Бұл кезеңде дін қызметкерлері қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салуда.

5 күнге созылатын республикалық аттестаттауға Қонаев қаласы, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарында жұмыс істейтін 400-ден астам дін қызметкері қатысады деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру