
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жергілікті имамдардың білімі мен біліктілігін жетілдіруге арналған «Білімді имам – қоғам айнасы» атты курс өз жұмысын аяқтады.
Танымдық шараға Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары қатысты. Курс аясында белгілі исламтанушы, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы «Ақида» пәні және «Хадис» ғылымы бойынша дәрістер оқыды.
Екі күнге созылған курс соңында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табыс етті.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру