Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ МҮШЕСІ АСТАНА ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 11.05.2023 1515 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ АСТАНА ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Астана қаласына ресми іссапармен келген РАНТ мүшесі, исламтанушы, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков бірқатар кездесулер өткізіп, елорда жамағатына уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Әбдімүтәлі Қайназарұлы бірнеше мешіт жамағатымен жүздесіп, «Астана» медресе-колледжінің студенттеріне дәріс оқыды. Бас-аяғы 10 кездесу өтіп, 2300-дей адам қамтылды.

Атап айтқанда, «Әл-Ғани» мешітінде «Талақ мәселесін» қозғаса, «Abu Nasr Al-Farabi» мешітінде «Мұсылманға тән сипаттар», «Aq meshit» мешітінде «Нәпіл оразалар» жайында, жаңадан бой көтерген «Al-Fattah» мешітінде «Қазақ ағартушыларының діндегі рөлі» тақырыбында жұма уағызын, «Рақымқызы Раиса ана» мешітінде «Арақ және құмар ойынының зардабы», «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде  «Зинақорлықтың зардабы» тақырыптарында уағыз-насихат жүргізді. Сондай-ақ, Астана қаласының бас имамы Ерболат нұрылдаұлымен және «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен еркін тақырыпта сұхбаттасты.

РАНТ мүшесі тек мешіт жамағатымен кездесіп қоймай, бірнеше мекемелерге де барып, дәріс оқыды. Мәселен, Астана СЭС департаментi мемлекеттiк мекемесінде «Жат дiни ағымдардан сақтану жолдары», БЦ «Нұр-Сәулет» ММ мекемесінде «Диструктивті діни ағымдардың зардабы» тақырыптарында дәріс оқыды. Абдiмүтәлi Қайназарұлы Астанаға келген іссапарында  «Хусамиддин Әс-Сығанақи» Ислам Институтында «Діни білім алудың маңыздылығы» туралы және «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесу өткізіп Пайғамбарды жақсы көру туралы  тағылымға толы насихатын айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру