Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы мешіттерінде жаңа тағайындаулар

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 28.04.2023 2453 0 пікір
Алматы мешіттерінде жаңа тағайындаулар

Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан «Орбита-3» мешітіне жаңадан имам тағайындалды.

Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Бостандық ауданы «Орбита-3» мешітінде  «Адал ризық және адал кәсіпкерлік» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Адал асты пайдаланудың мұсылман адам үшін екі дүниесіне тигізер пайдаларына тоқталып, адал ас адамның іс-амалының дұрыс болуына, ал арам ас ісінің бұрыс болуына әсер ететінін айтты. «Алла Тағала қасиетті Құранның «Муминун» сүресі, 51-аятында: «Таза нәрселерден жеңдер және ізгі іс істеңдер», – деп ізгі іс атқарудан бұрын астың адалынан жеуді бұйыруының бір сыры осында жатса керек. Демек, Алланың ризалығына бөлеп, ізгі іс атқаруды қалаған әрбір жан асының адалынан болуына аса мән беруі қажет», - деп атап өтті бас имам.

Сондай-ақ қаланың бас имамы қасиетті жұма қарсаңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Дастан Құрманбаев Қызылорда қаласы «Айтбай» мешітінің имамы қызметінен босатылып, Алматы қаласы Бостандық ауданындағы «Орбита-3» мешітіне имам болып тағайындалғанын жамағатқа жеткізді.

Сондай бұйрықпен аталмыш мешіттің бас имамы қызметін бұған дейін атқарған Жанболат Сапашов Алатау ауданына қарасты «Әскер ата» мешітіне  имам болып тағайындалды. Ал Алмас Тұрғараев «Әскер ата» мешітінің имамы қызметінен ауыстырылып, «Орбита-3» мешітіне наиб имам болып тағайындалды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру