Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қала мешіттерінің тазалықшыларына құрмет көрсетілді

sunna.kz 10.03.2023 1406 0 пікір
Қала мешіттерінің тазалықшыларына құрмет көрсетілді

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов Астана қаласына қарасты мешіт тазалықшыларына құрмет көрсетті.

Хадистердің бірінде «Тазалық – иманның жартысы» делінеді. Шын мәнінде, дәстүріміз бен дінімізде де тазалықтың алатын орыны айрықша. Бүгінгі қала өмірінде тазалықшылардың үлесі елеулі. Күніге мыңдаған адам келіп-кететін мешіт ғимаратындағы тазалық жасау тіптен қиын.

Өкінішке қарай, қарапайым еңбек адамдарының істеген ізгілігі, қоғамға қосқан үлесі еленбей жатады. Осы орайда «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде осы бір ісі елеулі еңбек адамдарына арналған іс-шара өтті. Мешіттің бас имамы Руслан Байзақов қала мешіттерінің тазалықшы қызметкерлерін жинап алғысын білдіріп, сый-сияпат табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру