Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: «Әулие ата» мешітіне жаңа имам тағайындалды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 21.01.2023 927 0 пікір
Тараз: «Әулие ата» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Күндердің сұлтаны жұмада Тараз қалалық «Әулие ата» мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды.

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев «Әулие ата» мешітінің жамағатына Бас мүфти бұйрығын оқып, жаңадан қызметке келген Ержан Аманбаевты таныстырды. Бейбіт Әліпбекұлы Ержан Маханұлының жетістіктері мен білімін тілге тиек етіп, ісіне сәттілік тіледі әрі жамағатқа жұма уағызын айтты. Ал өз кезегінде мешіт ақсақалдары батасын беріп, қуаныштарын жеткізді.

Еске сала кетейік, Ержан Аманбаев – бұған дейін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған. Сондай-ақ өңірдегі қажылық, «Зекет және қайырымдылық» қоры, Жастар ісі секторы, «Уақып» қоры, Ихсан сынды бағыттар бойынша белсенді қызмет атқарған білікті маман.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру