Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Берекелі жұма» акциясы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 23.09.2022 2055 0 пікір
Шымкент: «Берекелі жұма» акциясы өтті

Бүгін Шымкент қаласының орталық мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Берекелі жұма» қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев арнайы қатысып, ізгі тілектерін арнады. Игі іс-шара барысында 65 көпбалалы, отбасында айрықша науқас балалары бар мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. 

Сауапты іске атсалысқан кәсіпкер азаматтарға ұйымдастырушы дін қызметкерлері мен қала тұрғындары алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру