Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Есір ауылында намазхана ашылды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 25.01.2022 877 0 пікір
Қостанай: Есір ауылында намазхана ашылды

Қостанай облысы Амангелді ауданына қарасты Есір ауылында «Тәубе» намазханасы пайдалануға берілді. Мешіттің ашылу салтанатына Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет, Арқалық қаласының бас имамы Нұрхан Асанұлы және аудан әкімі Талғат Карбозов қатысты.

Жиында аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, имандылық ордасы ел бірлігін сақтаудың нағыз ұйытқысы болатындығына тоқталды.

Мұндай сауапты істің жүзеге асуына ауыл кәсіпкері Әбілхан Боранбаев азаматтық танытып, қаржылай демеушілік етті. Ауыл тұрғындары мен жастар ұйымшылдықтың үлгісін танытып, өз үлесін қосты. Сондықтан аудан басшысы оларға деген шынайы алғысын жеткізді. Сондай-ақ ардақты ақсақалдар жылы лебізін білдірді. Жергілікті азаматтар атынан кәсіпкер Әбілхан Таңатханұлына үлкен құрмет көрсетіп, ат мінгізді.

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы бауырлардың қуанышына ортақтасып, демеушілік еткен жомарт жанға өз атынан алғыс хат табыс етті. Жаңа намазханада уағыз-насихат айтып, Құран аяттарын оқыды.

Басқосу соңында Алла үйінің ашылуына арнайы келген жамағатқа дастарқан жайылды. Сауапты іске атсалысқан кісілерге сый-сияпат жасалды. Құран оқылып, ауылдың сыйлы ақсақалдары бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру