Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Қазақ күресінен турнир өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 29.12.2021 1146 0 пікір
Ақтөбе: Қазақ күресінен турнир өтті

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мешітінің ұйымдастыруымен жат ағымның алдын алу және жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ күресінен ашық турнир өтті.

Жарысқа Ақтөбе, Хромтау қалаларынан, Бөгетсай, Қарабұтақ, Көктау ауылдарынан келген 30 балуан қатысты. Спорттық шараны Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Сонымен қатар шара барысында жергілікті өнерпаз Ғани Бейсенов «Жігіттерге өсиет» термесін орындады.

Намысты дода нәтижесінде 60-69 кг салмақ дәрежесінде Ақтөбе қаласының балуаны Айтқали Әділбек, 70-82 салмақ дәрежесінде Хромтау қаласының балуаны Жақан Ертай, 83+ кг салмақ дәрежесінде Хромтау қаласының балуаны Ізбасар Жақсылық жеңіске жетті.

Турнир қорытындысында жеңіпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру