Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: «Жайық ет» құс фабрикасы тексерілді

halaldamu.kz 10.11.2021 1752 0 пікір
БҚО: «Жайық ет» құс фабрикасы тексерілді

Батыс Қазақстан облысына арнайы іс-сапармен барған «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас сарапшы-технолог Айжан Омарова, сондай-ақ Орал өңірі бойынша жауапты өкіл Асхат Асылбеков «Жайық ет» құс фабрикасында бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.

«Жылына 7 мың тонна құс етін өндіретін «Жайық ет» кәсіпорны еуропалық заманауи техникамен жабдықталған. Қазіргі таңда еліміздің батыс өңірін құс өнімдерімен қамтып қана қоймай, көршілес Ресейге де құс етін экспорттаумен айналысады. Бүгінгі аудит барысында құс фабрикасының бекітілген «QMDB Halal» стандарты талабына сәйкестігі тексерілді. 

Құстың жұмыртқаларынан бастап, балапандардың инкубаторда өсуі, қоректенуі, бауыздалуы секілді барлық процесс қадағаланады. Сонымен қатар, сулы ванна температурасы, конвейрде айналу ұзақтығы, салқындатқышта ұстау кезеңдерінің де халал стандартқа сәйкес орындалуы назарға алынды. Тексеріс нәтижесі оң, стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді» деді Айбек Асқарбекұлы. 

Айта кетейік, еліміздің батыс өңірінде «Халал Даму»  басшылығы мен мамандарының қатысуымен жүргізілетін аудит шаралары жалғасуда. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру