Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл имамдары Қадір түнін тікелей эфирде жамағатпен өткізді

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 09.05.2021 2283 0 пікір
Жамбыл имамдары Қадір түнін тікелей эфирде жамағатпен өткізді

Қадір түнінде Жамбыл облысының тұрғындары мен Қазақстанның әр түкпірінен қосылған көпшілік мешітпен онлайн байланыста қасиетті кеште бірге дұғада болды. Мешіт имамдары «Асыл дін» студиясы арқылы жамағатпен тікелей эфирде ютуб желісінде жүздесті.

Айта кетейік, ютуб статистикасына сәйкес, бір мезетте эфирді 4501 адам тамашалап отырса, жалпы кіріп қарағандар саны 113 081 адамға жетті.

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы бағдарламаның тізгінін ұстап, имамдар үздіксіз насихат айтып, Құран оқып, тіпті жамағаттың сауалдарына да жауап беріп отырды.

Ұлтты ұйыстырған ұлық мерекеде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Қадір түні жайлы сүбелі уағыз жүргізіп, халықты айтулы күнмен құттықтап, ел амандығы үшін дұға жасады. «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Қанат Жұмағұл көпшіліктің сауалына жауап берсе, Тараз қаласының  имамдары нәпіл намаздары, тасбих намазының оқылу тәртібі жайлы  сынды тақырыптарда кезекпен уағыз айтты. Құран түскен мүбарак түні үзіліс сайын құран оқылып отырды.

Тікелей эфирде шығармашылық байқау жарияланып, жеңімпаздарға 20 000 теңге сыйақы берілді. Сайыс шарты бойынша эфирде бірнеше сөз айтылады, сол сөзді қатыстырып, жылдам түрде берілген 2-4 минутта өлең жазып, комисия нөміріне жолдайды. Үздік шыққан туынды таңдап алынып, жеңімпаз жарияланады. Пайғамбарымыздың ақындық жайлы сүннетін жаңғырту мақсатында өткізілген өлеңмен өрнек ойған суырып салма ақындар сайысына 800-ден астам жыр жолданып, жүлдегерлері анықталды. Сайысты бас имам Бейбіт Әліпбекұлы, Нұрлан Мұрат, Бақтияр Амиреев жүргізді.

Эфир соңында облыс бас имамы мен қарилар хатым дұғасын жасады. Көрермен рухыңа дем беретін әсерлі насихатпен әшекейленген тікелей эфирді өз белсенділігімен жандандырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру