Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде Құрбан айтқа байланысты баспасөз мәслихаты өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 30.07.2020 2155 0 пікір
Өскеменде Құрбан айтқа байланысты баспасөз мәслихаты өтті

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Өскемен қаласында ұлық мереке Құрбан айт мейрамына орай баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Облыстық баспасөз орталығында өткен өңірлік БАҚ өкілдері бас қосқан жиында Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы шығысқазақстандықтарға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің құттықтауын жеткізді.

Бас имам: «Індетке байланысты биылғы құрбан айт бөлек форматта өткелі отыр. Бұл жолғы құрбан шалудың басты маңыздылығы қайырымдылыққа негізделген. Қазіргі таңда онлайн құрбан шалуға қатысты ҚМДБ-дан сайт ашылып, жұмысын бастап кетті. Онлайн Құрбан шалып, Ұлы Алла Тағалаға ниетімізді нығайтып, мұқтаждарға көмек жасайық. Өңір бойынша онлайн құрбанға қатысты шаруалар пысықталуда» деп карантин кезіндегі Құрбан шалу тәртібі туралы кеңінен атап өтті.

Бас имам сонымен қатар Өскемен аймағында барлық мешіттердің жанынан ақпараттық топ құрылып, халыққа нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сауалдарына жауап беріп отырғандығын жеткізіп, құрбан айт кезінде жұмыс істейтін жедел штабтың жұмысы туралы мағлұмат берді.

Шалынға құрбан етінің қайырымдылыққа дерліктей таратылғандығын айтып өтті.

Ермек Қасболатұлы журналистердің сауалдарына жауап беріп, шығысқазақстандықтарды ұлық мейраммен құттықтап, халқымызға амандық, денсаулық елімізге бейбітшілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру