Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде қос бірдей көпір ашылды (Фото)

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 29.07.2020 3127 0 пікір
Ақтөбеде қос бірдей көпір ашылды (Фото)

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бүкіл ел аумағында көпірлер салу ісі қарқынды жүргізіліп жатыр. Мұндағы мақсат – мешіт салу ісімен қатар, халық мұқтаждығын өтейтін көпір салу ісін де сауапты амал ретінде насихаттау.

Осы орайда облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті Ақтөбе қаласының Алматы ауданына қарасты Қарғалы ауылында қос бірдей көпір салып, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілді. Әрине, бұл іске Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі мен қала халқының қаржылай үлес қосқанын айрықша айта кеткен жөн. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Жанкелді Қарабалин көпірді салуды толықтай өз ұжымымен тегін жүргізді. Көпір салу жұмыстарына 2 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды.

Бұрын тұрғындар өз күшімен ағаштан жасап алған «қылкөпір» талай адамды әбігерге салып, әсіресе мектепке қатынайтын балалар үшін үлкен машақат туғызатын. Міне, ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен Қарғалы өзені бойына салынған қос бірдей көпір енді тұрғындардың қуанышына айналып отыр. Ақтөбе өкілдігі көпір салуға атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтып, қалталы кәсіпкерлерді осындай жақсылықтың жаршысы болуға шақырады.

«Адам баласының бойындағы асыл қасиеттерінің бірі – қайырымдылық. Ол Отанын, отбасын, дінін, тілін құрметтейтін, ұлттық рухы жоғары азаматқа ғана тән. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешіт салу, құдық қазу секілді көпір салу ісі де сауапты амалдардың қатарына жататындығын айтып, сүйіншілеген. Көпір ауыл мен ауылдың, елді мекендердің арасын жалғап, халықтың мұқтаждығын өтейді. Осы орайда сауапты іске атсалысқан жанашыр азаматтарға ризашылығымызды білдіріп, еңбектеріне береке, отбасыларына амандық тілейміз» дейді Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру