Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Өмірге үміт сыйла» акциясы қолдау тапты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 25.07.2020 2746 0 пікір
Қызылорда: «Өмірге үміт сыйла» акциясы қолдау тапты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық «Айтбай» мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, Облыстық жастар денсаулығы орталығына тіркелген баспанасыз мүмкіндігі шектеулі баласы бар жалғыз басты 50 көпбалалы анаға азық-түлік қоржыны таратылды.

Бұдан кейін игі шараны жалғаған «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында Көпбейінді облыстық ауруханаға 1 оттегі концентраторы сыйға берілді. Орталыққа арнайы барған бас имам Болатбек Ұласқанұлы емхананың қазіргі ахуалымен танысып, жергілікті кәсіпкер жамағаттың аманатын табыстады.

Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет» қорының аймақтағы өкілдігі бастаған қала мешіттерінің ерікті жамағаттары Көпбейінді облыстық ауруханаға күнделікті 120 оттегі шарын (баллон) толтырып, тасымалдау қызметін жасауда. Бүгінге дейін 1560 оттегі шары тасымалданды.

Сонымен қатар, облысқа қарасты Қазалы аудандық «Жанқожа» батыр мешітінің ұйытқы болуымен аудандағы белсенді кәсіпкерлер мен жанашыр жамағаттың ауызбіршілігінің арқасында Аудандық орталық ауруханаға Түркия мемлекетінен сатып алынған 2 оттегі концентраторы, 50 арнайы киім, 500 бетперде тарту етілді. Бұдан бөлек Қытай елінен 6 оттегі концентраторы жеткізілуде. Және де Жаңақорған ауданында да аудандық ауруханаға 1 аппарат табысталып, қосымша 2 оттегі концентраторына тапсырыс берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру