Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Имамдардың онлайн жиыны өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 08.07.2020 2603 0 пікір
Өскемен: Имамдардың онлайн жиыны өтті

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы имамдарға ел амандығына дұға тілеу және діни рәсімерді атқару талаптарын таныстыруды тапсырған болатын.

Осы бағытта ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігі қала, аудан бас имамдарының қатысуымен онлайн түрінде жиын өткізді. Жиналыстың күн тәртібінде карантин кезіндегі қызмет барысы, діни рәсімдерді өткізу шарасы сонымен қатар онлайн уағыз-насихат қатарлы мәселелер талқыланды.

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы карантин кезінде өтіп отырған жиналыстың маңызына тоқталып, алдағы міндеттермен таныстырды.

Бас имам: «Қазіргі таңдағы қалыптасқан жағдайға байланысты онлайн жиын өткізіп отырмыз. Онлайн уағыздар, жамағаттың сауалдарына әлеуметтік желілерде жауап беру қатарлы насихат жұмыстары арнайы жоспармен үздіксіз атқарылуы керек. Бірнеше мәрте ел амандығына арналып Құран хатым жасалып, құрбан шалынды. Қазіргі таңда облыс аумағындағы карантин талаптарының қатаң сақталуына имамдарымызда мүдделі болып, халықты сабырға шақырып, ұлтымыздың амандығы үшін дұға тілеуі маңызды» деп айырықша атап өтті.

Сонымен қатар карантин кезінде ас өткізуге қырқы, жетісі, жылын беру, той жасауға тыйым салу, жаназаны аз адаммен атқару қатарлы маңызды міндеттерді халыққа жете түсіндіріп, жұқпалы індеттен сақтану керектігін тапсырды.

Бас имам жиында діни рәсімдерді өткізу бойынша талаптармен таныстырып, онлайн қызметті нәтижелі жүргізуге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру