Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай өңірінде тасаттық берілді

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі 17.06.2020 2908 0 пікір
Қостанай өңірінде тасаттық берілді

Халқымыздың әдет ғұрпында Ислам дінінен бастау алған құрбандық шалынып, тасаттық жасау дәстүрі бар. Ол, әсіресе, жауын-шашын аз болған кездері жүзеге асырылады. Мұны барша халық біледі әрі жан-жақты түсінеді.

Таяуда еліміздің астық мекені Қостанай өңірінде құрбандық шалынып, оған барлық мешіттердегі діни қызметкерлер имам-молдалар да атсалысты.

Ал құрбандық еті көмекке мұқтаж жандарға таратылды. Содан кейін шариғат талаптарына сай Алла тағаладан жауын тілеу намазы мен дұғасы оқылды. Нәтижесін елді мекендердегі халық сол мезетте-ақ сезінді.

Мұсылман бауырларымыздың тілектері қабыл болып, үстіміздегі жылы егілген тұқым бітік шығып, қамбамыз мол астыққа толсын. Диқандардың еңбектері жанып, ырыс-берекелері арта берсін» - деп бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы да өзінің дұғасына қосты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру