Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: «Ізгілер жолының» кезекті игі шарасы

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 04.06.2020 2807 0 пікір
Ақтау: «Ізгілер жолының» кезекті игі шарасы

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің жанынан құрылған «Ізгілер жолы» еріктілер тобының ұйымдастыруымен тағы бір қайырымдылық шарасы өтті. Еріктілер Ақтау қаласында тұратын 100 мұқтаж отбасына арнайы барып, азық-түлік таратты.

⁃ «Ізгілер жолы» еріктілерінің әрдайым қайырымды іс жасауға, адамдарға қуаныш сыйлауға асығып тұратындықтары қуантады. Алла Тағала жақсылыққа да, жамандыққа да бейім болған адам баласын үнемі жақсылық жасауға ынталандырады. Құран кәрімде жақсылық сөзі 127 аятта айтылған  болса, Ислам – қайырда және бір-біріне жәрдемдесуде жарысу діні, - дейді ҚМДБ Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов.

Шара аясында мешіт тізіміндегі отбасыларға күнделікті тұтынатын жарма түрлері, көкіністер, ұн, май, сүт және тәттілер жіберілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру