Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Халифа Алтай» мешітінде бетперде тігілуде (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 25.03.2020 2647 0 пікір
ШҚО: «Халифа Алтай» мешітінде бетперде тігілуде (ФОТО)

Әлемге жайылған короновирус індетінің алдын алу және тұрғындарды сақтандыру мақсатында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі игілікті іске кірісті.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде бетперде тігетін тігін цехын іске қосылды. Осынау салауатты іске өңірдің «әйел-қыздар» секторының 20-дан астам ерікті қыз-келіншектері осы топқа қосылып, бетперде тігіп жатыр.

Бұл игі іс туралы ұйымдастырушылар: «Бетперде тігу жұмыс нәтижелі жүріліп жатыр. Бір тігінші 40-50 шамасында маска тігеді. Даяр болған бетперделер «Жүрек жылуы» акциясының аясында елордалық тұрмысы төмен отбасыларға жіберіледі. Бұл сауапты іске ат салысушылар саны күн санап артып келеді» деп айырықша атап өтті.

Өкілдік тарапынан бұл жұмысты үздіксіз жалғастырып, болашақта өңір тұрғындарын тегін бетпердемен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Тігіншілерге мешіт тарапынан 2 мезгілдік ас-суын ұйымдастырылып, бетпердеге қажетті мата т б заттарды даярлап беріп отыр.

Ел басына қиындық туған осындай сәтті үйде қарап отырмай елдің саулығы үшін сауапты іске ат салысушылардың қатары мол екендігі қуантады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру