Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі – Оралда

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі 29.11.2019 2522 0 пікір
РАНТ мүшесі – Оралда

Оралдағы Тәжиден Батырұлы мешітіне РАНТ мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев келді.

Ол жамағат арасындағы бауырластықты тілге тиек етті.

«Мүмін өзі біреуден бір нәрсе үйрене алатын және оны біреуге үйрете алатындармен жақсы қарым-қатынаста болғаны дұрыс. Әрқашан Алла Тағаланы еске алып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соңынан ерген, қуанышта қуанып, қайғыда жәрдем, дінде тірек болатын ақыреттік шынайы дос бола білейік» деп баянды достыққа шақырды.

Мақсатбек Қайырғалиев мешітке жиналған қауыммен тұщымды сұхбат жасап, жағымды уағыз айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру