Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы университет бітіреді

https://www.inform.kz/ 18.11.2019 672 0 пікір
14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы университет бітіреді

Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады. Бұл жайлы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Соңғы күндері бүкіл әлем 9 жасар Лоран Симонстың (нидерландылық) ерекше дарыны жайлы пікір таластыруда. Электротехника бойынша білім алып жатқан жас дарын жер жүзін аузына қаратып, тез оқу қабілетімен жұртты таң қалдырып жатыр. Біздің елде де мұндай дарынды балалар жетерлік. Солардың бірі Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады. Ерекше қабілетке ие студент осы күнге дейін негізгі мамандығымен қатар, бірнеше өзге салалар бойынша да білім алуда. Ақпараттық технологиялар бағытында ізденіс үстінде жүрген Абзал ЖОО-дан кейін Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді мақсат тұтып отыр. Абзал болашақта ғылым әлемінде ерекше із қалдырарына сеніміміз мол» делінген Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі