Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Һибатулла Тарази» медресесі

«Һибатулла Тарази» медресесі

«Һибатулла Тарази»  медресесінің инфрақұрылымы

Оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы: «Һибатулла Тарази медресесі» жеке мекемесі, Тараз  қаласы, Төле би даңғылы, № 89 б орналасқан.

Тіркеу органы: Тараз қалалық Әділет басқармасы. Тіркелу куәлігі № 11938-1919-У-е, 29 желтоқсан 2012 жыл, БСН 121240019554.

Мемлекеттік лицензияны берген орган: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі. Лицензияның берілген күні: 16.10.2013 ж, № 13016689.

Материалдық-техникалық базасы

Оқу корпусы 2 қабаттан, қызметтік құрылыстардан  тұрады, құрылыс ауданы 1 220,00 ш.м2., жалпы алаңы 2 277,40 ш.м2. Бірінші қабатта – әкімшілік  бөлмелері, медициналық пункт, асхана, санитарлық торап, жатын болмелері, ал екінші қабатта – кітапхана, оқу аудиториялары, жатын бөлмелер, ұстаздар бөлмесі және компьютерлік сынып орналасқан.

Оқу корпусы оқу үдерісіне қажетті жихаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған. Медресе асханасында (тегін) күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

 

Оқытушылардың құрамы

Медреседе 7 оқытушы сабақ береді. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр елінің «Әл-Әзхар» университетінің арасындағы келісімшарт негізінде келген 1 араб оқытушы сабақ береді. 4 оқытушының магистрлік (дінтану магистрі) дәрежесі бар, ал қалған 3 оқытушы бакалавр дәрежесінде. Оқытушылардың барлығы жоғары білімді. Оқытушылардың білімі, мамандану деңгейі жүйелі білім беру талаптарына сай, мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді.

- медициналық пункт – 18,5 м2;

 

- асхана 60 орындық ас ішетін залы бар, жалпы ауданы – 103,3 м2;

- арнайы пәндер кабинеті  107,2 м2

- кітапхана жалпы ауданы 71,4 м2 ,  кітап қорының  саны 8676 дана;

- гуманитарлық пәндер кабинеті 106,8 м2

- компьютер сыныбы– 28,1м2,колледж медреседе барлығы  10 компьютер,  оның 10 бірлігі компьютер сыныбында  және  олардың барлығы интернет желісіне қосылған.

Ұстаздар бөлмесі  - 33,0 м2

Директор бөлмесі – 107,5 м2.

- Оқу ғимаратының орналасқан жатын бөлме саны -2, жатын орнынның саны - 60,  жалпы  ауданы – 1-ші қабат 1288,5 м2, 2-ші қабат 2503,8 м2.

Медресе колледжінің жанында орналасқан «Һибатулла Тарази» мешітінде студенттер оқу-өндірістік тәжірибені өтеді.

басқа да тұрмыстық жайлары

  • ыстық және суық сумен қамтамасыздандырылған
  • оқу ғимаратымен құрылымдардың жылыту жүйесі –газ.

 

Санитарный узел

Санитарлық тораптың жалпы ауданы – 92,8 м2 ,

Себезгі кабиналары барлығы 18,3 м2, барлығы – 6.