Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана медресе-колледжі

Астана медресе-колледжі

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Астана медресесі» жеке мекемесі – еңселі Елордамыздағы отандық діни мамандарды әзірлейтін білім ордасы. 

2007 жылдың 1 шілдесінде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылған медресе бүгінгі күнге дейін 300-ден астам орта буынды дін мамандарын әзірледі.  

Соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни білім беру саласында бірқатар бастамаларды жүзеге асырып, медреселерді заманауи колледждермен терезесін теңестіріп, орта білімді маман дайындайтын оқу орындарына айналдырып үлгерді. Көштен қалмай, медреселердегі оқу жүйесі де Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестендірілуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Астана медресесі мемлекеттік мекемелер тарапынан қойылатын барлық талаптарды орындап, осы жылдың қыркүйек айында «ҚР БжҒМ Білім және Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі тарапынан «Астана медресе колледжі» жеке мекемесіне техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын жүргізу құқығына №KZ72LAA00018887 лицензия  және 011201 3 «Имам хатиб» біліктілігі бойынша лицензия қосымшасын иеленді.

Оқу орны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде «Исламтану» мамандарын дайындауды жүзеге асырады. Оқу орнындағы оқу процесі – күндізгі. Жалпы орта білім негізінде нормативтік оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Астана медресе колледжінің құрылтайшысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. 

Медресе – Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар оқу орны екендігі белгілі. Сондықтан, оқу орнымыз Алаш қайраткерлері медресе қабырғасында оқыған мәдени білімді және ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуды көздейді.  

Қазіргі таңда «Астана медресе» колледжінің оқу жоспары мен оқу бағдарламалары ҚР мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жүзеге асырылады.  

Материалдық-техникалық базасы

Жалпы алаңы 2546,2 шаршы метр, 4 қабат. 
➢ 0 - қабат : кітапхана, жаттығу залы, медициналық пункт. 
➢ 1 - қабат: 120 орындық асхана мен конференц -  зал орналасқан.
 ➢ 2 – қабат: мұғалімдер бөлмесі, әдістемелік кабинет және оқу сыныптары орналасқан. 
➢ 3 – қабат: 120 орынға арналған, 22 жатын бөлмелері орналасқан.

➢ «Астана медресе» колледжінде 19 білікті маман дәріс береді. Атап айтар болсақ, ғылым докторы -1, доктор Ph - 2, магистр дәрежесі -5, магистрант - 2, «Қазақстан Республикасы Білім саласының Құрметті қызметкері -1», Жоғары категориялы ұстаз -1 «Нұр Мүбарак» университеті, Евразия Ұлттық университеті, «Имам әл-Бұхарий» Ташкент Ислам институты, Мысыр мемлекеті, Каир қаласы «Әл-Әзхар» университеті, Түркия мемлекеті, Кайсери қаласы, «Хасеки» академиясы, Катар мемлекеті, Доха қаласындағы «Хамад бин Халифа» университеті, Малайзия мемлекеті «Султан Зайнул Абидин» университетінде, Алматы қаласындағы Спорт және Туризм академиясы бакалавр дәрежесінде білім алған ұстаздар - 7
➢ «Астана медресе» колледжінің студенттері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы өтетін Республикалық олимпиадалар мен медресеаралық жарыстарда топ жарып алдыңғы қатарда келеді.

➢ Оқу орын бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

➢ Медресе бітірген түлектердің жұмыспен қамтылуы;
➢  Мемлекеттік мекемелерде, Теология мамандығы бойынша жұмыс жасай алады
➢ Техникалық және Кәсіптік білім беру  орындарында  (Медресе колледждерде ұстаздық қызмет) ете алады.
➢ Діни орталықта  арнайы маман  қызметін атқара алады.

➢ Медресе шәкірттері үшін; 
➢ Грант бөлініп, шәкіртақы тағайындалады
➢ Жайлы жатақхана мен 3 мезгіл ыстық тағаммен қамтамасыз етіледі


Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Қобыланды батыр, 3.

Байланыс телефондары:

Ұлдар бөлімі: 8 (702) 303-81-82 

Қыздар бөлімі: 8 (747) 180-95-69