Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Беркімбай» мешіті (Фото)

«Беркімбай» мешіті

Жалағаш ауданы Ақсу аулында бой көтерген. 2005 жылы сәуір айында кірпіші қаланып, сол жылдың қарашасында пайдалануға берілді. Оны Ақсу ауылдық округіне қарасты «Сәрке батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған. Жоба авторы «Астана проектісі». Жерінің жалпы көлемі 0,3 га., 100 адамға арналған. 2 мұнаралы, әрқайсысының биіктігі 8 метрден, ал күмбезінің биіктігі 9 метр. Ғимараттың жалпы аумағы 167,2 шаршы метр. Құлшылық орыны 7 бөлмеден тұрады. Олар: намаз оқитын үлкен залы 53 шаршы метр, дәрісханасы 16,4 шаршы метр, имам бөлмесі 11,5, құрал-жабдық сарайы 6,3, дәліз 12, кіре беріс 10,8, от жағатын бөлмесі 4,3 шаршы метр. Ауласы темір шарбақпен қоршалған. 

Мечети этой области или города