Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«ІІІ интернационал ауылдық мешіті» (Фото)

«ІІІ интернационал ауылдық мешіті»

Қармақшы ауданы III-Интернационал аулында орналасқан. 1997 жылы ауыл әкімшілігінің демеушілігімен салынып, пайдалануға берілді. Жалпы жерінің аумағы 0,420 га, оның ішінде 0,1 га көгалдандырылған. Бір мезгілде 150 адам құлшылық жасай алады. Бір қабатты, шатыры шифермен жабылған, биіктігі 3 метр. Қабырғалары ақ силикат кірпіштен қаланған. Сырты астыңғы 3 қатары, жоғарғы карнизі, бұрыштары мен мұнарадан басқа жерлері сыланып, ақшыл қызыл түспен боялған. Күмбезінің биіктігі 5 м, шеңбері 5 м. Мұнарасының шеңбері 2.5 м, биіктігі 10 метр. Сыртқы есіктен кіргенде ұзындығы 3,5 м., ені 2,7 м шағын дәліз. Одан кіргенде ұзындығы 9, ені 4 м ортаңғы бөлмеге (холл) өтеді. Басқа алты бөлменің барлығының есіктері осы бөлмеден шығады. Осы ортаңғы бөлменің жартысы және екі намазхана бөлмесі 45 градусқа бұрылып, қасиетті Қағбаға қаратылып компас арқылы салынған. Ортаңғы бөлменің оң жақ бүйірінде ұзындығы 5,5 м. ені 3,5 метр болатын екі терезелі дәрісхана, оң жағында ұзындығы 4,2 м. ені 4 метрлік имамға арналған бөлме бар. Бас имам бөлмесінің жанында 5,3 х 3,5 метрлік Құран оқу бөлмесі бар. Ортаңғы бөлменің сол жақ бүйірінде ұзындығы 10,5 м, ені 5,8 м болатын үлкен зал, оның жанында ауданы 5,5 х 6,0 м. әйелдердің намазханасы орналасқан. Оның оң жағында ұзындығы 5,5 м. ені 2 метрлік бір терезелі таһаратхана қарастырылған. Ғимаратта барлығы 13 терезе, 12 есік орнатылған. Ауласының оң жағында көлемі 3,0 х 2,5 м отын, көмір сақтайтын шағын сарай тұр. 

Мечети этой области или города