Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Мүсірәлі Әзіз» мешіті (Фото)

«Мүсірәлі Әзіз» мешіті

Қармақшы ауданы Ақай аулында бой көтерген. Құрылысы 2006 жылы сәуір айында басталып, 2008 жылы шілде айында аяқталған. Алла үйі сол ауылдың тумасы, кәсіпкер Мырзабек Демесіновтің демеушілігімен және ауыл тұрғындарынан жиналған қаражатқа салынған. Жерінің жалпы аумағы 0,4125 га. Ауласының құрылыс жүргізуге арналған аумағы 331,03, оның ішінде құрылыс салуға 286,03 шаршы метр бөлінген.

Көгалдандыруға арналған жер көлемі 1415 шаршы метр. Оған гүл және ағаш егілген. Сәнді арка арқылы шарбақ орнатылған. Ауланың ішкі жолдарына тас төселген, оның аумағы 200,5 шаршы метр құрайды. Ғимарат аумағы 286,03 шаршы метр. Мұнда ерлер және әйелдер намазханасы, имам және есепші бөлмесі, ортаңғы бөлме мен молда бөлмесі орналасқан, кіреберіс, барлығы жеті бөлмеде 7 есік, 14 терезе бар. Ғимарат бір қабатты, ұзындығы 20.45 м., ені 14 м., биіктігі 5 м. 300 адамға арналған. Алдыңғы кіреберісте кіші күмбез қойылған, биіктігі 3 метр. Ғимарат іргетасы жер бетінен 70 см, төмен қарай 70 см биік, оның асты қазылып блок қойылған, қабырғасы күйдірілген кірпіштен өрілген. Төбесі плитамен жабылған, едені ағаштан жасалынып сырланған. Ішкі-сыртқы қабырғалары қазіргі заманға сай әрленген. Жарық, сумен қамтамасыз етілген. Намазхана михрабы қасиетті Қағбаға қаратылып компас арқылы қойылған. Терезе, есіктері ағаштан өрнектеліп жасалынған. Негізгі үлкен күмбезінің биіктігі 5, шеңбері 12, ал мұнара күмбезінің биіктігі 14 м, шеңбері 2 м. Күмбездер мығым орнатылып, кірпіштен қаланған. Ауласына қосалқы ғимараттар тұрғызылған.

Мешітке кіреберіс сол қанатында екі бөлмелі ғимарат тұр.  Біріншісі таһаратхана, ұзындығы 12, ені 3.5 метр, әрі онда заттар, отын қойылады. Аула ортасында ұзындығы 50 м, ені 10 м жаназа шығарылатын орын жасалынған. Оның жоғарғы жағында ұзындығы 6 м, ені 5 м. екі бөлмелі шырақшы үйі бар. Айналасы өрнектелген темір шарбақпен қоршалған. 

Мечети этой области или города