Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Ақмешіт - Сырдария» мешіті (Фото)

«Ақмешіт - Сырдария» мешіті

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті
Ашылған уақыты: 2008 жыл
Сыйымдылығы – 2000 адам.
Мешіт нысанының тұрғызылуына Өтемұратовтар әулеті демеушілік жасаған. Құрылысы сапалы да әсем болуына Алматылық «Күмбез» ЖШС жоба жасаса, «Глобал Девелопмент» компаниясы тапсырыс беріп, бас мердігер жергілікті Альянс ЖШС мен көркемдік безендіру жұмыстарын «ҚаПРОЛТД» ЖШС-і және жеке кәсіпкер М.Байбосынов қызмет жасады.
Мешіттiң жер учаскасінің жалпы алаңы – 5,257 шаршы м., мешіттің жалпы ауданы – 3158 шаршы м., Үлкен залдың жалпы көлемі – 693,6 шаршы м., үлкен залдағы хрусталь люстраның 360 шамы бар.
Мешіт үлкен алты залдан тұрады: негізгі зал, бес уақыт намаз оқитын зал, әйелдер залы және Құран жаттау орталығы, «Шебер әйел» қолөнер орталығы, кітапхана. Сонымен қатар мешітте 4 дәріс сыныбы, Құран оқыту, неке қидыру және 6 қызметкерлер бөлмелері, «діни кеңес беру», «Зекет қоры», «Қажылық» орталықтары бар. Имандылық үйінің ішкі қабырғаларындағы өрнектер Құран сүрелері мен аяттары. Мешiттiң төрт мұнарасы бар. Алдыңғы 2 мұнараларының биіктігі-37 метр, қалған 2 мұнарасы -22 метр. Үлкен күмбездің диаметрі – 20 метр, қалған төрт кіші күмбездердің биіктігі – 27 метр. Мешіт ауласында 500 адамға лайықталған ас беруге арналған асхана, 50-ден аса адамға арналған ерлер мен әйелдер дәретханасы бар.

Мечети этой области или города