Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Марал» мешіті (Фото)

«Марал» мешіті

 Қармақшы ауданы Жосалы кентінде бой көтерген. Іргетасы 1999 жылы аудан тұрғыны Нұржігіт Нақыпов балаларының бастамасымен қаланып, 2003 жылы аудан әкімі Ш.Төребаевтың демеушілігімен аяқталып пайдалануға берілді. Жалпы жер аумағы 0,168 га, 480 шаршы метрі көгалдандырылған, 20 шаршы метріне тротуар плиткасы төселген. Ғимарат көлемі 322 шаршы метр, ауласы қоршалған, артқы жағынан жүк көліктері кіретін 4 метрлік екі ашпалы қақпа орнатылған, алдыңғы жағында келуші жамағатқа арналған есік бар. Ғимараттың биіктігі 3,20 метр, 500 кісіге арналған. Қабырғалары қызыл қыштан өрілген. Құлшылық үйінің сырты сарғыш түсті сырмен боялған. Есік, терезелері ағаштан жасалынған. Кіреберіс дәлізіне аяқ киім қоятын текшелі сөрелер қойылған.

Дәлізден ұзындығы 7, ені 6 метр болатын бір терезелі ортаңғы бөлмеге өтеді. Оған кірген кезде сол жағында сырт киім ілетін орын бар. Ортаңғы бөлмеден жан-жақтағы бөлмелерге кіретін 4 есік бар. Осы залдың үстінде шеңбері  6 м, биіктігі 4 м күмбез орнатылған. Оң жақ бүйірдегі ашпалы екі есіктен әрқайсысының ұзындығы 12, ені 6 метр болатын бірінен кейін бірі тұрған екі намазханаға өтеді. Оның әрқайсысынын 4 терезесі бар. Михраб жанына үш баспалдақты мінбер қойылған.  Ортаңғы бөлменің қарсы алдында ауданы 30 шаршы метрлік 2 терезелі дәрісхана   бар. Дәрісхана қабырғасы ақшыл қызыл түсті  сырмен боялған. Басқа бөлмелерінің қабырғалары ақшыл көк түсті бояумен сырланған. Ортаңғы бөлменің сол жақ бүйіріндегі есік арқылы ұзындығы 6, ені 5 метр болатын екі терезелі құран оқу бөлмесіне өтеді.  Оның төр жағында 24 шаршы метрлік бас имамның бөлмесі орналасқан. Ғимаратта барлығы 14 терезе, 6 есік орнатылған. Тас көмір және электр қуатымен жылытылады. Алла үйінің 9 метрлік бір мұнарасы бар. Күмбездің сырты көк түсті сырмен боялған.

Мечети этой области или города