«Шаймерден» мешіті
Шиелі ауданы Алғабас аулында бой көтерген. Әуелде оны Шаймерден Ділдаханұлы өз қаржысымен бастағанымен, аяқтап үлгере алмай дүние салды. Содан кейін ауыл тұғындары қаражат жинап асарлатып, 2000 жылы бітіріп, пайдалануға берді. 2009 жылы аудан имамы Нысанбай Нақыптегі, ауыл имамы Еркін Әлкебай, ауыл тұрғындары, кәсіпкер Әбдіманап Шорабаев, Оразәлі Байділда, Қалмырза Қасымов және т.б. қаражат жинап, жаңа үлгіде пластик есік, терезе салдырды. Қабырғалары күрделі жөндеуден өтті. Күмбезінің биіктігі 5 метр, оған жалғасқан үлкен залының ұзындығы 13, ені 6, әйелдер намаз оқитын бөлмесінің ауданы 3 х 4, имамға арналған бөлме 3 х 4 көлемінде, дәлізі де 3 х 4 метр. Шаруашылық бөлмелер 2, әрқайсысы 2,5 х 3 м көлемінде. Сырты әрленген, 100 адамға ас беретін жай салынған. Терезелері 7, екі қабатты 4 есік бар. Ғимараттың биіктігі 6 метр. Төбесі қаңылтырмен жабылған.