«Ыбырай Жақаев» мешіті
Шиелі ауданы Жақаев аулында орналасқан. Алла үйінің аумағы 6 сотық. Оны кәсіпкер Әбдіманап Шорабаев өз қаражатына 2009 жылы салдырып, сол жылы күзде пайдалануға берді. Ұзындығы 17, ені 10 метр. 4 бөлмеден тұрады, үлкен залына 120 адам емін-еркін сияды. Михрабы батыс бетінде. Кіреберіс дәлізі 4 шаршы метр, оның сол жағында 4 шаршы метрлік имамға арналған бөлме бар, оң жағында от жағатын бөлме орналасқан, ауданы 4 шаршы метр. Іші-сырты заман талабына сай әрленіп, сырты қызыл кірпішпен қапталған. Мінбері 3 баспалдақтан тұрады. Дауыс күшейткіш құрылғысы бар. Әйелдердің намаз оқитын бөлмесінің ауданы 9 шаршы метр. Үлкен залдың оң жағында 3, сол жағында 3 терезе қойылған. Залдың ауданы 80 шаршы метр.
Ауласында түрлі ағаштар отырғызылып, көгалдандырылған. Айналасы темір шарбақпен қоршалған. Күмбезінің биіктігі 3 метр, әсем нақышталып жасалған, ұштарына жарты ай белгісі қойылған.