«Шоманұлы Дәумен қажы» мешіті
Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округінде бой көтерген. Құрылысы 2005 жылы басталып, 2006 жылы пайдалануға берілді. Ғимаратты Дәумен қажы ұрпақтары салдырған.
Жер көлемі 407 шаршы метр Кірер есігі қыбыла тарапына қараған, кіреберіс дәлізі 9,75 шаршы метр. Намаз оқитын бөлмесі 86.54 шаршы метр. Сол жағындағы дәріс бөлмесі 36.24 шаршы метр, оның жанында имам бөлмесі 9 шаршы метр. 3 мұнаралы, биіктігі 15 метрден. Күмбезінің биіктігі 10 м. Ауласы темір шарбақпен қоршалып, қара талдар отырғызылған.