Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Сырдария аудандық орталық» мешіті (Фото)

«Сырдария аудандық орталық» мешіті

Тереңөзек кентіндегі орталық саябақта бой көтерген. Ғимарат салуға 2003 жылдың желтоқсанында жер телімі бөлініп, жобасы жасалды. 2004 жылдың ақпан айында сол уақыттағы аудан әкімі Әріп Қожбановтың басшылығымен іргетасы қаланып, қараша айында толық аяқталып, салтанатты ашылып, халық игілігіне берілді. Жобасының авторы – Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі Айтжан Нұрғазин. Құрылысты «Нұр-Ай» ЖШС-і (басшысы–Сейітқали Алшынбаев.) жүргізді. Алла үйіне  аудан әкімдігі бастамашы болып, жергілікті халық, түрлі компаниялар және т.б. мекеме қызметкерлері демеушілік жасады. Жалпы аумағы 0,3575 га, оның ішінде құрылыс алаңы 288,2 шаршы метр. Көгалдандырылған жер көлемі 280 шаршы метр. Алла үйі саябақ аумағында орналасқандықтан қоршалмаған, ауласында саябақтың бас қақпасы тұр. Бір қабатты, ұзындығы 17,5 м, ені 14,0 м. Жалпы ауданы 245,1, көлемі 1648 шаршы метр, 280 адамға арналған.

Ғимараттың биіктігі 7 м. Қабырғасы қызыл қышпен қаланып, сыланып, әктелген. Қасбеті Хромтаудың қызыл қышымен биіктігі 9 метр етіп қаланып, шығыс үлгісімен өрнектелген. Терезелері  металлопластиктен, есіктері ағаштан жасалған. Бас есігінің биіктігі 3,2 м, ені 1,8 м. Кіреберісте аяқ киім қоюға арналған текше, турасында намазхана бөлмесі, оң жағында имам бөлмесі, сол жағында Құран бағыштау бөлмесі бар.

Намаз залының ұзындығы мен ені 13,75 м, биіктігі 4,9 м. Зал есгінің биіктігі 2,20, ені 1,60 м. Биіктігі 2,6, ені 1,2 метрлік 8 терезесі бар. Төрт бағанның үстіне күмбез орнатылған, шеңбері 7, биіктігі 11 м. Ұшар басына ай белгісі орнатылған. Қыбыла беті михраб. Мінбері бар, залдың төменгі жағы балалар дәрісханасы, оған орындықтар мен парталар, тақта т.б. жарақтар қойылған. Имам бөлмесінде телефон, факс, компьютер, т.б. кеңсеге керекті жабдықтары бар. Құран оқу бөлмесіне жайлы да жұмсақ көрпешелер төселген. Ғимараттың артқы жағы жылыту қазандығы, құрал жабдықтар бөлмесі. Әрқайсысының сырттан кіретін жеке есіктері бар. Ауыз су жүйесіне қосылған.

Мечети этой области или города