Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Алты ата» мешіті (Фото)

«Алты ата» мешіті

«Алты ата» мешіті Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде тұрғызылған. 1993 жылы құрылысы басталып, 1995 жылы пайдалануға берілген. Асарлатып салынған.

Жерінің аумағы 1,43 га. Ауласы төртбұрышты, өрнектелген темір шарбақпен қоршалған. Кіреберіс дәліз көлемі 5,7х1,9 м. Ол арқылы тағы бір дәлізге өтеді. Оның көлемі 11,70х2,60 м. Көлденең дәліз арқылы негізгі намаз бөлмесіне аяқ басасыз. Негізгі намаз бөлмесінің көлемі 15х11,5 м. Көлденең дәліздің оң қапталы шәкірттердің дәріс бөлмесі, оның ауданы 13,5х5,6 м. Көлденең дәліздің сол қапталында әйелдердің намаз оқитын бөлмесі, оның көлемі 13,50х5,60 м. Кіреберіс дәліздің оң қапталында имамның бөлмесі орналасқан, оның көлемі 5,70х5,70 м. 4 мұнаралы, 1 күмбезді. Ақ силикат кірпіштен тұрғызылған. Үлкен күмбезі бен мұнаралары ақ қаңылтырмен қапталған. Ауласына жеміс ағаштары отырғызылған.

Мечети этой области или города