Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Хисамуддин Сығнақи (Сунақ-ата)» мешіті (Фото)

«Хисамуддин Сығнақи (Сунақ-ата)» мешіті

«Хисамуддин Сығнақи (Сунақ-ата)» мешіті Жаңақорған кентінде салынған. Құрылысы 2006 жылы 5 сәуірде басталып, 2007 жылы  қазанда ресми түрде ашылды. Хусамаддин Сығнақи (Сунақ ата)  ғибадатханасы  450 адамға арналған. Мешітті салуды ұйымдастырып және оған негізгі демеушілік жасаған Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Казинтерэтнос» халықаралық қорының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор, Жаңақорған топырағының перзенті, көрнекті мемлекет, қоғам және ғылым қайраткері Сұлтан Сартайұлы.

 Ғимарат 8 бұрышты, үш қабатты. Сыртқы көлемі 16,9х16,9 м. Биіктігі 12,76 м, бір күмбезді, бір мұнаралы. Мұнарасының биіктігі 17,80 м. Ішке кіреберіс дәлізінің көлемі 10,9 шаршы метр. Намаз оқитын бөлмесі сегіз қабырғалы, ауданы 195,4 шаршы метр. Төменгі қабатта орналасқан намаз бөлмесінің ауданы 149,8 шаршы метр, ал жоғарғы қабатта орналасқан намаз оқитын бөлме 62 шаршы метр. Үлкен намаз бөлмесінен жоғарғы қабаттарға бөлменің оң және сол жағындағы баспалдақтар арқылы көтеріліп, түседі. Жоғарғы қабатта 15,2 шаршы метрлік кітапхана, 71 шаршы метрлік дәрісхана,  13,9  шаршы метрлік имамға арналған бөлме орналасқан. Төменгі қабаттағы дәріс бөлмесі 11,1, сырт киім ілетін бөлме 17,2 шаршы метр. Төменгі қабаттағы қазандық бөлмесінің көлемі 8,9 шаршы метр. Ауласына гүл егілген. Өрнекті темір шарбақпен қоршалған. Жобасын дайындаған «Проект дизайн құрылыс» ЖШС, сметасын жасаған  жеке кәсіпкер-жобалаушы Сабырқан Тоқымов.

Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді.

Мечети этой области или города