Нұрлыбек Шакизадаұлы Күзенбаев
Білімі:
1999-2000 ж.ж Түркістан қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб университетінің дайындық курсы;
2001-2005 ж.ж. Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Дінтану» факультеті;
2013-2016 ж.ж. Түркия Республикасы дін істері басқармасына қарасты діни тереңдетілген «Хасеки» академиясында білімін шыңдаған;
2016-2018 ж.ж. Алматы қаласы, «Шет тілі және Іскерлік карьера» универсиетінің дінтану ғылымының магистрі атанған.
2020 ж. Мысыр Араб Республикасы, Әл-Азһар университеті жанындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған дін мамандарын қайта дайындау академиясы.
Еңбек жолы
2003-2005 ж.ж. Халықаралық Қазақ-Араб университетінің тәрбиеші ұстазы;
2005-2007 ж.ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы «Шет тілдер оқыту орталығының» ұстазы және оқу ісінің меңгеруші;
2007-2008 ж.ж. Алматы облысы, Шамалған ауылындағы «Шамалған» медресе колледжінің оқу ісінің меңгерушісі;
2008-2010 ж.ж. Астана қаласындағы «Ислам орталығында» Дінтанушы маман;
2010-2011 ж.ж. «Имамдардың білімін жетілдіру» институтының аға оқытушысы және діни, рухани танымдық «Рахмет самалы» журналының діни сарапшысы;
2011-2012 ж.ж. Ақмола облысы, Степногорск қаласының орталық мешітінің ұстазы;
2012-2013 ж.ж. Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде наиб имамдық қызметі;
2016-2020 ж.ж. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің найб имамы әрі Ақтөбе облыстық дін істері басқармасына қарасты «Аңсар ақпараттық талдау орталығының теолог маманы;
2020 ж. Шілде айынан бастап Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы және Ақтөбе қаласы дін істері басқармасының ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) мүшесі ретінде қызмет атқаруда.
Отбасылы, 5 баланың әкесі.