Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы
Туған жылы: 29.06.1971 ж.
Білімі:
1988 жылы Дарбаза ауылында №29 орта мектепті бітірген.
1993-1994 жылы Алматы орталық мешітінде араб тілінен сауат ашқан.
1994-2004 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы әлемге әйгілі әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2004 жылы сол университеттің «Ислам шариғаты» факультетін бітірген.
2005-2008 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтына түсіп екі жылдық магистратураны бітірді. Онымен қатарлас аралығында Мысыр Араб Республикасы Каир қаласындағы «әл-Әзһар» университетінің жанындағы «Пәтуа комитетінде» пәтуа бөлімін бітірді.
2009-2010 жылдар аралығында Қазақстан аймағы бойынша уағыз-насихатпен жүрді.
2010-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облысы «Нұр-Ғасыр» облыстық орталық мешітінің найб имам қызметін атқарды.
2013 жылдан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып жатыр.
2013-2014 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған.
Қазіргі таңда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша докторантураны оқып жатыр. ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі қызметін атқаруда.
ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі.
Үйленген, алты баланың әкесі.